Факты истории

Алматыда рейд кезінде заңсыз келген екі жүз өзбек анықталды

Алматы бойынша көші-қон қызметінің қызметкерлері тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қала аумағында заңсыз көші-қонды анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді,деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі күн ішінде Алатау ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзған 332 шетел азаматы анықталды.

– Олардың көпшілігі Өзбекстан азаматтары – 201 адам. 51 шетелдік ҚР ӘҚБК 517 бабы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 70 адамға қатысты сотқа жіберу материалдар жасалды. 12 шетелдіктің тұруға ықтиярхаттары одан әрі тексеру үшін алынды, – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қанат Еселбаев.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости