Факты истории

Алматыда автокөлік иелеріне арналған бесінші ХҚКО ашылды

Алматыда автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған 5-ші Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа нысан Түрксіб ауданында, «Жетісу- Семиречье» СО ғимаратында орналасқан. Мекен- жайы: Қайрат, 181 үй.

Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы Нұрлан Аманбек алматылықтардың автокөлікті есептен шығара немесе қоя алатын, көлік жүргізу құқығын алуға болатын тағы бір орын бар екенін айтты.

Полицияда басқа автоХҚКО-лардың қайда екенін хабарлады.Жаңа автоХҚКО-екінші Түрксіб ауданында. Осы ауданда Майлин көшесі, 85 үйде автоХҚКО бар. Түрксіб ауданынан басқа, Алатау ауданында, Саялы шағын ауданында, Аққайнар көшесі, 1 үй, Наурызбайда – Шұғыла шағын ауданында және Жетісу ауданында, Серіков көшесі, 6 үй, автоХҚКО бар.

Фото: Көрнекі сурет: «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы

Ещё в ленте

Все новости