Факты истории

Алматы билігі Ресейден көп дәрі-дәрмектер жеткізуді жоспарлап отыр

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік астанаға Ресей Федерациясынан медициналық дәрі-дәрмектердің ірі партиясы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы

Алматы әкімі бұл мәлімдемені халықты барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланған фарминдустрия өкілдерімен кездесуден кейін жасады.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыға Ресейден 55 тонна дәрі-дәрмек, оның ішінде дене қызуын төмендететін дәрілер келеді.

Сондай-ақ, кездесу барысында әкім дәріханалық желілер мен дистрибьюторлық компаниялар өкілдерімен дәрі-дәрмектерді жеткізуге байланысты жағдай реттелгенін айтты. Атап айтқанда, қаланың 105 дәріханасына ең сұранысқа ие 41 медициналық дәрі-дәрмектер жеткізілуде.

Бұған дейін Ресей Федерациясы қолдау көрсету мақсатында Қазақстанға коронавирусты анықтау үшін қолданылатын 50 мың тест жеткізетіні хабарланған.

Бауырлас ел коронавирус індеті басталғаннан бері біздің республикамызға COVID-19-ға 18 мың тестілеу жүйесін жеткізді.

Ещё в ленте

Все новости