Факты истории

Ақмола облысының шалғай елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттері ашылды

Ақмола облысында бір апта ішінде екі өрт сөндіру бекеті ашылды – Целиноград ауданының Жаңаесіл және Шортанды ауданының Петровка ауылдарында. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Петровка ауылында өрт сөндіру бекеті ГАЗ-53 маркалы өрт сөндіру автоцистерімен жабдықталған, өрт сөндіру затының сыйымдылығы 2000 текше метр, жеке құрам 4 адамнан тұрады. Өрт сөндіру бекеті үш ауылды өрттен қорғайды: Новокавказское, Қара-Адыр және халық саны 1600 адамнан астам Петровка. Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында өрт сөндіру бекеті жылытылатын бокспен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді.Өрт сөндіру автокөлігі мен жеке құрамдағы 4 адам жұмысқа дайын», – деді ведомстводан.

Өртке қарсы жедел әрекет ету қызметіне қол жеткізе алмайтын шалғай елді мекендерде департамент пен жергілікті атқарушы органдар тағы үш өрт сөндіру бекетін ашуды көздеп отыр.

Сурет: otr-online.ru

Ещё в ленте

Все новости