Факты истории

Ақмола облысында Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі басталды

Бүгін Ақмола облысында Қазақстан халықтарының тілдері Күнінің онкүндігі басталды. Бұл туралы өңірдің ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин өңірлік коммуникация қызметі медиа-орталығының брифингінде мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының тілдер Күніне арналған дәстүрлі жыл сайынғы онкүндік 2019 жылдың 5-20 қыркүйегі аралығында өтеді. Бүгін облыстың барлық ұйымдары мен мекемелерінде тілдер Күнін мерекелеу басталды. Негізгі лейтмотив – мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жетістіктерді көрсету», — деді Ғалым Шойкин.

Іс-шараны өткізу үшін арнайы жоспар бекітілді, ол Қазақстан халықтарының тілдері онкүндігінің салтанатты ашылуын, сондай-ақ тақырыптық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтиды. Мемлекет этносы арасындағы бірлікті білдіретін іс-шаралар, поэзия кештері, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылады.

Онкүндіктің негізгі мақсатты аудиториясы жастар болады, оның аясында «Қазақ тілім – мәңгі жасар байлығым» форумы, «Текти сөздің төресі – терме» байқауы және «Тілдарын» олимпиадасы өтеді.

Сондай-ақ, өткізіліп отырған онкүндікте алғаш рет белгілі қазақстандық жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық күндері атап өтіледі, сондай-ақ латын графикасына көшу мәселесі талқыланады.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости