Факты истории

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды (бейне)

ҚМК ЭТҚ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 6 қарашада Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-сұлтан, Павлодар және Қарағанды қалалары) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп ведомстводан хабарлады.

ҚР ҚІЖК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) жария етуге жатпайды.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости