Факты истории

Таразда індетпен күресушілерге арналған монумент ашылды

Таразда коронавирус инфекциясымен күресушілерге арналған монумент ашылды. Іс-шараға Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды total.kz жаңалықтар ресурсы.

Biz birgemiz монументі — Жер планетасының айналасында қол ұстасып тұрған дәрігер, еріктілер, құтқарушы, полиция қызметкері және әскери қызметкерді бейнелейді. Жоғарғы жағында шаңырақ, оның айналасында бейбітшілік пен келісім нышаны қарлығаштар орналастырылған .

Ескерткіштің ашылуы кезінде Сапарбаев биылғы жылғы індет мемлекетімізге қиындық әкелгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол осы қиын кезеңде қазақстандықтар өздерінің ең жақсы қасиеттерін — бірлік пен ынтымағын көрсеткенін атап өтті.

Пандемия туралы айта келе, әкім монументте бейнеленген адамдардың күш-жігерінің арқасында республикада эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілгенін айтты.

«Бұл әсіресе денсаулығына қауіп төндірсе де, күндіз-түні жұмыс істеген дәрігерлерге қатысты. Өкінішке орай, біз олардың кейбіреуінен айырылып қалдық. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға көмектесетін еріктілерді атап өткім келеді. Егер біздің жастар осындай болса, біз ертеңгі күнге сенімді бола аламыз», — деді Сапарбаев.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысында коронавирусты жұқтырудың 3477 жағдайы тіркелген. Біздің елімізде олардың жалпы саны 130865.

Ещё в ленте

Все новости