Факты истории

Қазақстан мен Ресей экосферадағы бірлескен жобаларды дамытуды жалғастыруда

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өкілдері трансшекаралық Жайық өзені бойындағы экожүйені сақтау бойынша таяудағы бірнеше жылға арналған өзара іс-қимыл Бағдарламасына қол қоюға ниетті. Бұл туралы еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз бөлімінде айтылды.

Мұндай құжаттың жобасы Орал бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының онлайн-режимде өткен 2-отырысында қаралды. Қазақстан атынан отырысқа экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов, Ресей атынан РФ табиғи ресурстар және экология вице — министрі Сергей Ястребов төрағалық етті.

Талқылау барысында тараптар Жайық өзенінің экожүйесін жақсартуға және оның 2019 жылдан 2020 жылға дейін трансшекаралық ластануына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, қатысушылар өткен жылдың шілде айында халықаралық тәжірибені талдау және Орал бассейнінің экожүйесін сақтаудың бірлескен институционалдық және экономикалық механизмі бойынша бастамаларды дайындау семинары барысында берілген ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастырды.

Комиссия мүшелерінің отырысы аяқталғаннан кейін қарашаға белгіленген екі елдің өңіраралық ынтымақтастығының 17-ші форумы шеңберінде 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей әріптестігі бағдарламасына қол қою туралы шешім қабылданды.

Сурет: bigasia.ru

Ещё в ленте

Все новости