Факты истории

Қазақстан Астрахань облысында басталған ҰҚШҰ күштерінің арнайы оқу-жаттығуларына қатысуда

Астрахань облысындағы ресейлік «Капустин Яр» полигонында ҰҚШҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің «Эшелон-2020″материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдары бар көпұлтты оқу-жаттығулар басталды. Олар 20 тамызға дейін жалғасады.

Ұйымға мүше елдер армияларының әскери жабдықтаушылары ҰҚШҰ біріккен штабының жедел тобымен бірлесіп, бірлескен операция жағдайында материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды пысықтауда.

Оқу-жаттығуларды Оңтүстік әскери округі әскерлері қолбасшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Виктор Воронов басқарады.

ҰҚШҰ Біріккен штабы баспасөз қызметінің өкілі Владислав Щегриковичтің айтуынша, бұл жаттығулар әскери қызметшілерге Кавказ аймағының шекараларында қарулы қақтығысты тоқтату жөніндегі бірлескен операцияны материалдық-техникалық жабдықтау мәселелерін пысықтауға көмектесуі тиіс.

Сурет: jscsto.org

Ещё в ленте

Все новости