Факты истории

Вице-премьер-министр: біз бағаның негізсіз өсуіне жол бермейміз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметте өтіп жатқан онлайн-брифинг барысында еліміздің өңірлеріне азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін қосымша қаражат бөлу туралы хабарлады. Бұл туралы «Қазақпарат» жаңалықтар ресурсы хабарлайды.

«Бірінші қажеттілік тауарлары мен өнімдерін үздіксіз жеткізу жүргізілетін болады. Республикада азық-түлік қоры, дәрілік заттар жеткілікті мөлшерде бар. Үкімет, өңірлер әкімдіктері 32 миллиардтан астам теңге бөлуді жоспарлап отыр, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 14,8 миллиард теңге, қалғандары азық — түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақтандыру қорларын толықтыруға өңірлер бөледі», — деді Тоғжанов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының орынбасары кәсіпкерлерге азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу туралы ескертті.

«Біз бағаның негізсіз өсуіне жол бермейміз. Тиісті мемлекеттік органдар бағалардың өзгеруіне күшейтілген бақылау жүргізуді жоспарлап отыр. Ал алып-сатарлық фактілер анықталған жағдайда ең қатаң санкциялар қолданылатын болады», — деп толықтырды вице-премьер.

Бұдан басқа, оның айтуынша, бизнеске қолдау көрсету үшін шағын және орта бизнестің жекелеген санаттарына қатысты бірнеше салықтық ынталандыру әзірленді: мүлік салығынан уақытша босату және салық берешегі бойынша өсімді тоқтата тұру.

«Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлердің он пайыздық жеке табыс салығын босату ұсынылады. Осы шаралардың барлығы бизнес-секторды қолдауға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді министрдің орынбасары.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости