Факты истории

Қазақстан мен Кемеров облысы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлауда

Мәскеуде, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің қабылдау Үйінде Ресей субъектілерінің шет мемлекеттермен және бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылын дамыту және нығайту бағдарламасы аясында Кемеров облысының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Ресейдің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Сергей Лавров, облыстың губернаторы Сергей Цивилев, дипломатиялық корпус, федералдық және аймақтық билік органдарының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, оған еліміздің Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев пен Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің делегаттары қатысты.

Іс-шара барысында қазақстандық және ресейлік тараптар екі елдің өңірлері арасындағы әріптестікті дамыту әлеуетін талқылады. Олар өзара іс-қимылды дамыту үшін жақсы перспективалар бар екенін айтып, ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру ниеттерін білдірді.

Ресей сыртқы саяси ведомствосы дипломатиялық корпус үшін осындай тұсаукесерлерді тұрақты түрде өткізеді. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты Ресей өңірлерінің инвестициялық әлеуетін көрсету болып табылады.

Сурет: Kazembassy.ru

Ещё в ленте

Все новости