Факты истории

Нұр-Сұлтан педагогтары Қырғызстан оқушыларына арналған ерекше ашық сабақ өткізді

Бауырлас Қырғыз Республикасында онлайн-трансляция режимінде қазақ тілінің бірінші сабағы өтті. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Бірінші сабақ Ат-Башы мектеп-лицейінде өтті. Аталған оқу орнының оқушылары Нұр-Сұлтан оқытушысының ұсыныстары мен нұсқауларын тікелей эфирде тыңдады.

Онлайн-трансляция Қырғызстан мектебіне қазақстандық «Отандастар» қоры ұсынған арнайы құрал-жабдықтардың арқасында жүргізілді.

Бірінші сабақта Ат-Башы мектебінің оқушылары Қазақстан астанасының педагогын тек тыңдауға мүмкіндік алады, алайда келесі дәрістер интерактивті режимде сұрақ-жауап түрінде өтетін болады.

Осындай сабақ Қырғызстан оқушылары үшін ғана емес, басқа да елдері үшін де өткізілді. Атап айтқанда, Беларусь, Иран және Бельгия тыңдаушылары қазақ тілінен білім ала алды.

Нұр-Сұлтан оқытушылары жақын арада қазақ тілінің ашық сабақтарын тұрақты түрде өткізу үшін онлайн сабақ кестесін әзірлеумен айналысатынын айтады.

Ещё в ленте

Все новости