Факты истории

Қазақстандық ардагерлер Ресейдегі жеңіс шеруіне қатысады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Қазақстан мен Ресей астаналарында өтетін салтанатты шеруге біздің мемлекеттен 738-ден астам ардагер қатысады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Еске алу күнін мерекелеу-аға ұрпаққа құрмет пен жастарға рухани тәрбие беру. Министрлік 738 ардагерге қолдау көрсетті, олар Нұр-сұлтан мен Мәскеуде өтетін шеруге қатысады», — деді Нұрымбетов.

Бұған дейін хабарланғандай, Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін Жеңіс құрметіне арналған салтанатты шеруге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Салтанатты іс-шара біздің мемлекетте ағымдағы жылдың 8 мамыр күні аталып өтілетін болады.

Сурет: yandex.kz

Ещё в ленте

Все новости