Факты истории

Мәжіліс депутаттары соттық-сараптама қызметі органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрайды

Қазақстан парламенті төменгі палатасының депутаттары Әділет министрлігінің басшысына соттық-сараптама қызметі қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы өтініш білдірді. Бұл туралы «ҚазТАГ» ақпарат агенттігі жазады.

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан мәжілісмендер бүгінгі таңда соттық-сараптама қызметінде шешілуі қажет бірнеше мәселелер байқалатынын атап өтті.

Депутаттардың айтуынша, мәселенің бірі соттық-сараптама қызметі органдарында кадрлар тапшылығы болып табылады. Бұған жалақының төмен болуы және әлеуметтік пакеттің болмауы ықпал етеді. Сондықтан жастар осы бағытта жұмыс істеуге мүдделі емес.

Осыған байланысты соттық-сараптама қызметі органдары қызметкерлерінің, оның ішінде санитарлық және техникалық қызметкерлердің жалақысын арттыру қажеттілігі туындады.

Сондай-ақ, Қазақстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары мәйіттермен және уытты заттармен жұмыс істейтіндіктен, соттық-сараптама қызметі қызметкерлеріне қосымша төлемдер енгізу туралы мәселені егжей-тегжейлі қарау қажет деп санайды.

Сурет: pravo.moe

Ещё в ленте

Все новости