Факты истории

Қазақстан дипломаттары Израиль бизнесмендерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Израильдің Тель-Авив қаласында бизнес-топтар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан елшілігі ұйымдастырған отырыста «Израиль-Қазақстан» Сауда-Өнеркәсіп палатасының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің дипломаттары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Израильдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сатыбалды Бұршақов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Израиль қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Қазақстан СІМ ақпараты бойынша, дөңгелек үстел барысында израильдік іскер топтарының өкілдері Президент Тоқаевтың жолдауымен, сыртқы экономикалық саясаттың, инвестициялық климаттың және республикамыздың транзиттік-көліктік әлеуетінің негізгі аспектілерімен танысты.

Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастарды нығайту туралы айта келе, израильдік бизнес-топтардың өкілдері Қазақстанмен инновация, этнотуризм, туристік инфрақұрылым құрылысы, сандық және су технологиялары, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.

Ещё в ленте

Все новости