Факты истории

Қазақстанның энергетика министрі БАӘ-мен мұнай-газ саласындағы екіжақты қарым-қатынасты талқылады

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев жыл сайын БАӘ астанасында өтетін Халықаралық Мұнай-газ көрмесі мен конференцияға (ADIPEC) қатысты. Конференцияның тақырыбы мұнай-газ саласының дамуын талқылау болды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияға сонымен қатар БАӘ мемлекеттік министрі Сұлтан Ахмед Аль-Джабер, БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейль Мохаммед Аль-Мазруи, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс, Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрі Шри Дхармендра Прадхан, ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка мұнай-газ салаларының министрлері қатысты.

Бозымбаев конференция аясында БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейль Мохаммед әл-Мазруимен кездесті. Тараптар жетекшілік ететін қызмет салаларында екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыруды сөз етті.

Сондай-ақ, энергетика министрі «Borealis» компаниясының басқарма төрағасы Альфред Штернмен Атырау облысы аумағында полиэтилен өндіру жобасын талқылады.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости