Факты истории

Балқан елдерінің делегациясы АХҚО қызметімен танысты

«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Балқан елдерінің делегациясы қатысқан бірінші бизнес-форум өтті.

Делегация құрамына Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич, Сараево қаласының мэрі Абдуллах Скаки, Босния және муГерцеговина Сауда палатасының президенті Неманьи Васич және Балқан елдерінің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері кірді.

Қазақстан тарапынан іс-шараға қаржы орталығының, тікелей инвестициялар қорының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Kazakh Invest өкілдері қатысты.

Форум барысында шетелдік делегация АХҚО қызметімен, оның органдары және ұйымдарымен танысты. Сонымен қатар, іс-шара аясында бүгінгі таңда қаржы орталығының юрисдикциясында әлемнің 29 елінен 280-нен астам компания тіркелгені атап өтілді.

Өз кезегінде, Хорватияның экс-Президенті АХҚО-да халықаралық стандарттарға сәйкес әрекет ететін сот жүйесі мен арбитраждың маңыздылығын атап өтті.

«Бизнесте тәуелсіз сот пен Халықаралық төрелік орталығы бар қаржы орталығында жұмыс істеп,әрекет ету, әлбетте, оңай», – деді ол.

Сонымен қатар, бизнес-форумда қонақтарға АХҚО дамуының негізгі бағыттары туралы айтып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, тікелей инвестициялар Қорының және Kazakh Invest мүмкіндіктерін ұсынды.

Сурет: Inform.kz

Ещё в ленте

Все новости