Факты истории

Қазақстан ЕЭК-ке дәрі-дәрмек нарығэында бәсекелестік жағдай жасау бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұсынды

Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында біздің республикамыз ЕЭК-ке өмір үшін маңызды дәрілер нарығында бәсекелестік жағдай жасауды ұсынатынын хабарлады.

Отырысқа қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстан премьер-министрі одақ кеңістігіндегі дәрілік заттардың тұтыну нарығы төңірегіндегі ахуалға назар аударды.

«Біз бірте-бірте дәрілік заттардың жалпы нарығына жылжып келеміз. Негізгі келісімдерден басқа, комиссиялар екінші деңгейдегі 47 акті қабылдады. Алайда, дәрі-дәрмектердің тіркеу куәліктерін автоматты түрде өзара мойындау мүмкін болмады», — деді Мамин.

Қазақстан Үкіметі басшысы егер ЕАЭО-ға қатысушы елдердің бірі осы тексеруді және тіркеу рәсімін жүргізген болса, белгілі әлемдік өндірушілердің өнімдеріне қосымша тексеру жүргізу тиімсіз екенін атап өтті.

Осыған байланысты Қазақстан басшылығы ЕЭК-ке өмір үшін маңызды дәрі-дәрмектер нарығында бәсекелестік жағдай жасау бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеуді ұсынады.

Сурет: eurasiancommission.org

Ещё в ленте

Все новости