Факты истории

Атырау гарнизонының әскери бөлімдерін диверсияға қарсы қауіпсіздікке тексерді

Атырау гарнизонында әскери бөлімдерді диверсияға қарсы тексеру жүргізілді. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасының баспасөз хатшысы Рүстем Игисинов мәлімдеді.

«Диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша тактикалық-саптық сабақтар барысында штаттық емес жағдай туындаған кезде әскери бөлімдердің кезекші күштері мен құралдарының іс-қимыл алгоритмі, сондай-ақ тұрақты орналасқан пунктте жеке құрамның іс-қимыл тәртібі пысықталды», — деді ол.

Тексеру нәтижесінде кезекші күштер мен құралдар бір-бірімен ынтымақтастық тәртібін пысықтап, шабуылға тойтарыс беру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

«Бүгінгі таңда әскери бөлімдердің қауіпсіздігі-күнделікті өмірдің маңызды және басым мәселелерінің бірі. Осындай сабақтарда біз жеке құрам әрекетінің үйлесімділігін, сондай-ақ нысандардың жабдықталуын тексеруге мүмкіндігіміз бар», — деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қызметінің бастығы подполковник Бақытжан Белгібаев.

Ещё в ленте

Все новости