Факты истории

Қазақстанға Александр Лукашенко келеді

Беларусь Президенті Александр Лукашенко 24-25 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп ХАА «ҚазАқпарат» БЕЛТҚА сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, Александр Лукашенко Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді.

Мемлекет басшылары шағын және кең құрамдағы кездесуде сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге баса назар аудара отырып, мемлекетаралық қатынастарды дамытуды талқылайды.

«Президенттер өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында, көлік пен логистикада, мұнай – химия кешенінде, жоғары технологиялар саласында ынтымақтастықты арттыру перспективаларын қарастырады»,-деді Беларусь Мемлекет басшысының баспасөз қызметінде.

Тараптар сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы және халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты, өңірлік және әлемдік күн тәртібін талқылайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі жақты келісімдер пакетіне қол қойылады.

Осы күндері Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтеді. Қазақстан астанасында Беларусь дипмиссиясы ғимараттарының жаңа кешенін ашу жоспарланған.

Ещё в ленте

Все новости