Факты истории

Сенаторлар Минскде конференцияға қатысуда

Беларусь астанасында Қазақстан парламенті жоғарғы палатасының депутаттары Манап Көбенов пен Ләззат Сүлеймен қатысуда. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаттың ақпараты бойынша, халықаралық конференцияны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті, ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық ассамблеясы және республикалық референдум өткізу және сайлау жөніндегі Беларусь орталық комиссиясы ұйымдастырды.

Конференция барысында қатысушылар сайлау мен референдумдарды заңнамалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ конституциялық сот төрелігінің халық билігінің қағидаттарын іске асыруға қосқан үлесіне қатысты мәселелерді талқылайды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, халықаралық іс-шарада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі сайлау процесінің заңдылық өлшемдеріне қатысты мәселелер қаралатын болады.

Сурет: Senate.parlam.kz

Ещё в ленте

Все новости