Факты истории

Нұр-сұлтанда Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

Қазақстанның елордасында Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар екі бауырлас мемлекет арасындағы театр, кино, кітапханалар мен мұражайлар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, тараптар жаңа мәдени жобаларды талқылады.

Ресей Федерациясы мәдениет министрлігі басшысының орынбасары Павел Степанов отырыста сөйлеген сөзінде бұл екі бауырлас елдің дамуындағы тарихи сәт екенін атап өтті.

«Біздің тату көршілер екенімізді , біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты ескере отырып, барлық мәдени салаларда ынтымақтастықты дамытуға міндеттіміз. Сондықтан біз осындай кең күн тәртібімен келдік. Барлық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес екені түсінікті, бірақ біз сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеміз», — деді Степанов.

Ещё в ленте

Все новости