Факты истории

Тоқаев мұнай сервисі индустриясын құруда Норвегия тәжірибесін қолдануға шақырды

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда мұнай-газды дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірнеше нақты міндеттер қойды.

Ол Қазақстан экономикасында отын-энергетика кешені негізгі рөлдердің бірін атқаратынын атап өтті.

Президент еліміздің барлық өңірлеріне кедергісіз мұнай тасымалдау үшін «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының құрылысын аяқтауды тапсырды.

Сурет: today.kz

Ещё в ленте

Все новости