Факты истории

Қ. Тоқаев тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкерін «Барыс» орденімен марапаттады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Рабиға Сыздық І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Сыздық Рабиға І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын», – делінген хабарламада.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Рабиға Сыздық 95 жаста. Ол тіл маманы, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі және еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Сурет: old.baq.kz

Ещё в ленте

Все новости