Факты истории

Түркістан облысының әкімі Тоқаевқа Арыстағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Бұдан басқа, мемлекет басшысы Арыс қаласындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабардар етілді.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Түркістан облысының әкімі мемлекет басшысына Түркістандағы құрылыс жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

Кездесу соңында еліміздің Президенті әкімге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сурет: akorda.kz

Ещё в ленте

Все новости