Факты истории

Павлодарда ҮЕҰ, бизнес пен мемлекеттің үшжақты әріптестігінің үшінші форумы өтеді

Павлодарда 21 және 22 тамызда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), бизнес және мемлекет — Asar үш жақты әріптестігінің үшінші республикалық форумы өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық форумның басты мақсаты еліміздің азаматтарының әлеуметтік мәселелерді шешуде күш-жігерін жандандыру болып табылады.

Ведомство ақпараты бойынша, форумға бизнесмендер, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, форум аясында «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық сессия өтеді.Онда үшжақты серіктестікті дамыту мәселелерін қарастыру жоспарланды.

Сонымен қатар, форум барысында шеберлік сыныптары, case-study семинарлары, воркшоптар, «Спикер #7» зияткерлік конференциясы және меморандумдарға қол қойылады.

Сурет: informburo.kz

Ещё в ленте

Все новости