Факты истории

Қазақстандық ұшқыштар «Авиадартс» аясында үздік шабуылшы атанды

Ресейдің Рязань қаласында бүгін «Дубровичи» полигонында «Авиадартс» халықаралық ұшу шеберлік байқауы аяқталды. Қазақстандық ұшқыштар бірінші орынға ие болды. Ұшқыш- майорлар Дмитрий Коробкин мен Манас Даулетбаев Су-25 ұшақтарында Ресей мен Беларусиядан келген қарсыластарын басып озып, «Штурмдық авиация» номинациясында жеңіске жетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Истребительная авиация» номинациясы бойынша майор Ермек Мұханов және ұшқыш-штурман капитан Арман Наурызбаев, сондай-ақ капитан Александр Орел және аға лейтенант Нұржан Нұрбаев Су-30СМ ұшақтарында жұптасып ұшудан Ресейді ғана алдына салып,екінші орынды иеленді.

Қазақстандық Су-30СМ ұшқыштары басқарылмайтын авиациялық зымырандармен жауынгерлік атысты, сондай-ақ авиациялық зеңбіректен атысты тамаша орындады.

Жауынгерлік тікұшақтар арасында майор Ақжан Айтбаев пен аға лейтенант Ақтөре Исан, сондай-ақ капитан Көбеген Мырзатаев және лейтенант Тимур Лекеров басқаратын қазақстандық Ми-35М тікұшақтар арасында үшінші орынға ие болды.

Сурет: Inform.kz

Ещё в ленте

Все новости