Факты истории

Қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің жайылып кетуі: полиция тергеу бастады

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілдері полицейлер еліміздің 11 млн-нан астам азаматының жеке мәліметтерінің жайылып кетуі бойынша тергеуді бастағаны туралы ақпарат берді.

Аталған факті бойынша Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Есіл аудандық ПБ-да ҚР ҚК 211 – бабының 1-бөлігімен (қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) 2019 жылы 22 шілдеде қозғалған СДТБТ №197115031001878 шеңберінде сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады ведомстводан.

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығында әзірге ұйымның атауы туралы ақпарат бермейді.

Ещё в ленте

Все новости