Факты истории

Нұр-Сұлтанда мұнаралы кран салынып жатқан нысанға құлады

Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан астанасында «BI Group» компаниясы салып жатқан нысанда мұнаралы кранның құлағаны туралы хабарлады.

«3 тамыз күні сағат 9:24-те Түркістан көшесі бойында жаңадан салынып жатқан «Сенсата парк» ТК объектісінде жүк көтеру кезінде «BI Group»ЖШС-нің жаңа салынып жатқан объектісіне 8-10 метр деңгейде мұнаралы кран құлады. Құрылыс салушы «Sensata Construction» ЖШС болып табылады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы оқиғасы емес. Өткен жылдың 22 мамырында қатты дауыл салдарынан осындай оқиға орын алған.

Ещё в ленте

Все новости