Факты истории

Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму с соболезнованиями в связи с кончиной главы Тунисской Республики

Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Республикасы басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының өркендеуіне, өз отандастарының мүдделерін қорғауға арнады. Қазақстан халқы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан дана басшы, беделді саясат ретінде Беджи Ас-Себси туралы мәңгі есте қалады», — деді Тоқаев өз жеделхатында.

Бұл кеше жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:25-те болды. Тунис басшысы Беджи Каид Ас-Себси 92 жасында Тунис әскери госпиталінде көз жұмды.

Ещё в ленте

Все новости