Факты истории

Артемьев шахтасында жарылыс болды: қаза болғандар бар

Шығыс Қазақстан облысында Артемьев шахтасында жарылыс орын алуына байланысты мердігер ұйымның жұмысшысы қаза тапты. Бұл туралы «ҚазТАГ»ақпарат агенттігі жазады.

«17 шілде күні сағат 20.00 — де «Samid» ЖШС жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде осы мердігер ұйымның қызметкері жарылыс салдарынан көз жұмды», — деп хабарлады Ақпараттық ведомство өкілдері.

Журналистердің айтуынша, болған оқиғаға байланысты қазіргі уақытта осы кәсіпорындардың барлық жұмыстары тоқтатылған.

«Оқиғаның мән — жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды», — деп хабарлады ақпарат агенттігінің қызметкерлері.

Ещё в ленте

Все новости