Факты истории

Kazakhstan Engineering компаниясы негізінде ТӨҚ дамыту қорын ашу жоспарлануда

«Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ базасында мемлекет елдегі ғылыми-зерттеу әзірлемелерін қаржыландыру мәселелерін шешу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру жоспарлануда. Бұл туралы time.kz хабарлайды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, осы қорды құру Қазақстанның отандық ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін ақшалай қолдау арқылы елдің қорғаныс-өнеркәсіптік әлеуетін дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуде мемлекеттің қажеттілігіне негізделген.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан инжиниринг «(Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы» АҚ базасында қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру», — делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Айта кетейік, қазіргі таңда ұсыныс 25 шілдеге дейін қарауға енгізілді.

Сурет: kursiv.kz

Ещё в ленте

Все новости