Факты истории

Мәжіліс Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі»Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадиция туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасымен жұмыс істей бастады.

«Бұл шарт 2018 жылғы 29 қазанда Нұр-Сұлтанда жасалды. Шартқа сәйкес Тараптар ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін өздерінің аумағында жүрген іздестірудегі адамдарды бір-біріне беруге міндеттенеді. Шартты ратификациялау қылмысқа қарсы күресте екі елдің ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұдан басқа, Мәжіліс «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы»; «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»; «қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шығарындылардың және оларды көшіру тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы»заң жобаларын жұмысқа алды.

Ещё в ленте

Все новости