Факты истории

Тоқаев: әрбір азаматтың жетістігінен еліміздің жетістігі қалыптасады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтетін «Айбын» жастар жиынының ашылуына қатысып, әскери-патриоттық жиналыс қатысушыларына арнап сөз сөйледі.

«Естеріңізде болсын,еліміз сіздердің әрқайсыңыздың табысқа жетулеріңе мүдделі, өйткені әркімнің жетістіктерінен бүкіл елдің жетістіктері қалыптасады.Мен сіздердің барлығыңыздың – ойлағандардың және армандарыңыздың орындалғанын тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті әрбір адамның өміріндегі ең бастысы — білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Бұл жастар жиынына әскери-патриоттық клубтардың, республикалық мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының студенттері қатысты.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости