Факты истории

Ресей мен Қазақстан өрттің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізеді

2020 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қазақстан аумағында трансшекаралық өрттерді сөндіру бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Спутник»ақпарат агенттігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 31 мамырда Алтай өлкесіндегі Степно-Михайловка орман шаруашылығында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Осы оқу-жаттығулар кезінде екі ел 2020 жылы бірлескен оқу-жаттығу өткізу туралы келісті.

Алтай өлкесі Степно-Михайловка орман шаруашылығындағы ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясынан 120 құтқарушы қатысты. Сонымен қатар, 50 бірлік автокөлік, бір тікұшақ, өрт және инженерлік техника берілді.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты — табиғи өрттер кезінде төтенше жағдайлардың туындауына елдердің дайындығын бағалау.

Екі елдің өкілдері оқу-жаттығу ел ішінде және оның шекарасында болатын өрттердің алдын алуда үлкен тәжірибе береді деп санайды.

Сурет: Yukutia.info

Ещё в ленте

Все новости