Факты истории

Тоқаев Ұлттық гвардияның әскери бөлімінде болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық гвардияның әскери бөліміне жұмыс сапарымен барды,деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президенті әскери бөлімде 5573 әскери бөлімінің ақпараттық стенді және макетімен, сондай-ақ тұрғын және қызметтік инфрақұрылымның жай-күйімен танысты. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу нысандары мен қару-жарақ көрмесін аралады.

Сонымен қатар,Қазақстан Президенті әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау туралы мәселені қозғады.

«Кредиторлық берешек, әсіресе тұрғын үй төлемдері — жеке сұрақ. Үкімет оны толық өтеу жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Біз әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды сөзбен айтып, жариялап, ал іс жүзінде міндеттемелерді орындамауға жол берілмейді», – деді Тоқаев.

Сапар қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен ішкі істер министрлігіне сарбаздардың қызметтік-жауынгерлік дайындығын және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуды тапсырды.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости