Факты истории

Қазақстанда егіс жұмыстары уақытында аяқталуы тиіс

Қазакстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин ауыл шаруашылығы министрлігі отырысында егіс жұмыстарын уақытында бітіру керектігін айтты,деп хабарлайды Қазақстан премьер-министр баспасөз қызметі.


«Жалпы егіс компаниясы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.Бұл мәселе күнделікті бақылауда.Ауыл шаруашылық министрлігі аймақтармен бірігіп уакытында өткізетінін сенімдімін, проблема болмайды деп ойлаймын»- деді ҚР премьер-министрі.

«Үшінші онкүндікте ауа райы Солтүстік және орталық облыстарда қолайлы.Оны ескерулеріңіз керек.қысқа уақытта егіс жұмыстарын ұйымдастыру негізі сұрақ»-деді Асқар Мамин әкімдер мен мемлекет органдары қызметкерлеріне.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық министрлігі егіс жұмыстарына 2,5 миллион тонна тұқым пайдаланылганын айтты.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости