Факты истории

Қорғаныс ведомствосы өкілдері «MILEX-2019» халықаралық көрмесіне қатысты

Бүгін ақпараттандыру және телекоммуникация Бас басқармасының бастығы полковник Александр Степаненконың басшылығымен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери делегациясы Беларусь Республикасындағы Минск қаласында өткен «MILEX-2019» Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесіне барғаны белгілі болды Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Халықаралық көрме аясында қазақстандық делегация қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетістіктерімен танысты.

«MILEX-2019» халықаралық көрмесі «Минск-Арена» спорт кешенінде және «Минск-1» әуежайы алаңында өтті. Көрме келесі бағыттар бойынша өтті: зымыран, артиллериялық және атыс қаруы; ұшқышсыз ұшу аппараттары; радиолокация құралдары, радиобайланыс құралдары мен жүйелері; автоматтандыру, әскерлер мен қаруды басқару құралдарының кешендері; сондай-ақ жауынгерлік броньды машиналар.

Сурет: belexpo.by

Ещё в ленте

Все новости