Факты истории

Қасым-Жомарт Тоқаев 4 елге жаңа елшілер тағайындады

Қазақстан Президентінің Жарлығы бойынша елшілер Қазақстанның мүддесіне әлемнің төрт елінде өкілдік етеді, деп хабарлайды today.kz ақпарат агенттігі.

Мұхаметали Нәжмедин — Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов — Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Сартбаева Жанна Сәбитқызы – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Ерлан Сапарұлы Байжанов – Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бекетжан Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен және Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Ержан Мұқаш Оман Сұлтандығындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Ещё в ленте

Все новости