Факты истории

Қазақстан астанасында Astana Art Show халықаралық өнер фестивалі өтеді

Бүгін қала әкімі Бақыт Сұлтановтың Astana Art Show кураторы Дина Байтасовамен және Racing the Galaxy халықаралық көрмесінің жетекшісі Жером Санспен кездесуі өтті,деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан астанасының әкімі заманауи суретшілер форумын өткізуге көмек көрсететінін мәлімдеді.

Көрме Нұр-Сұлтан қаласында, Тәуелсіздік, Бейбітшілік және келісім сарайларында өтеді.

Көрмені ұйымдастырумен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі TSE Art Destination заманауи өнер галереясы бірлесіп айналысуда.

Сондай-ақ заманауи өнер фестивалінде «бірінші байланыс» атты жастар көрмесі және Racing the Galaxy халықаралық көрме өтеді.

«Бұл жоба екінші жыл жұмыс істейді. Біздің басты мақсатымыз — қазіргі заманғы өнер өкілдері, дарынды суретшілерді бір алаңда жинау. Astana Art Show 2019-дың бас негіздемесі — барлық суретшілерге тән номадизм мен еркіндік рухы», — деді Дина Байтасова.

«Бірінші байланыс» жастар көрмесі 2 маусымда басталып, 10 тамызға дейін жалғасады, ал Racing the Galaxy халықаралық көрмесі 4 шілдеде ашылып,10 тамызға дейін жалғасады.

Сурет: Aistgallery.com

Ещё в ленте

Все новости