Факты истории

Алматыда жекеменшік кәсіпорында жүк Газелі жанып кетті

22 сәуірде 11 сағат 39 минутта Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Әуезов ауданында Райымбек даңғылында орналасқан «KazMart-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ГАЗель жүк автомобилінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт аумағы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер 11 сағат 50 минутта өртті ауыздықтап, 11 сағат 54 минутта толығымен сөндірді.

Өрт салдарынан 1970 жылы туған жүргізуші 1-дәрежелі бет күйігін алды.

Алматы қаласы ТЖД 3 өрт сөндіру техникасы қолданылды, жеке құрамның 9 адамы өртті сөндірді.

Сурет: баспасөз қызметі

Ещё в ленте

Все новости