Факты истории

СҚО-да пара алуды болдырмау үшін мектептерге интернет-банкинг арқылы көмек көрсету ұсынылуда

Cолтүстік Қазақстан облысында пара алуды болдырмау үшін интернет-банкинг арқылы мектептерге ақшалай қайырымдылық көмек көрсету ұсынылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қызылжар – адалық аланы» жобалау кеңсесінің отырысында білім басқармасының банкпен «Мектептерге қайырымдылық көмек»электрондық қосымшасын ашу жұмысы туралы айтылды. Бұл ата-аналардан заңсыз ақша жинау жағдайларын болдырмау үшін жасалады.

Жеке тұлғалар үйден шықпай, мектептерге қолма-қол ақшасыз көмек көрсету мүмкіндігіне ие болады. Ақша автоматты түрде мектептерге қайырымдылық көмектің есеп шотына аударылады.

Сурет: liter.kz

Ещё в ленте

Все новости