Факты истории

Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Әділ Тұрсынов Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Хабарламада айтылғандай, Бірінші Президенттің шешімімен Тұрсынов Әділ Қапанұлы Бірінші президенттің кеңесшісі және Бірінші Президент Кеңсесінің Ақпараттық-талдау қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы — Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. 1994-2008 жылдары Сыртқы істер министрлігінде Үндістан мен Әзірбайжандағы елшіліктің хатшысы, Министрліктің дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сингапурдағы кеңесші-елші болып жұмыс істеді. 2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2016 жылдары СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-елші, СІМ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің директоры болды. 2016 жылдың мамыр айында Президенттің өкімімен Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Сурет: akorda.kz

Ещё в ленте

Все новости