Факты истории

Назарбаев өз кеңсесінде тағайындау жүргізді

Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кеңсесінде жасаған тағайындаулары туралы хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шешімімен оның кеңсе бөлімшелерінің бастықтары тағайындалды:

Айдос Үкібай — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы;

Арслан Дандыбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті хаттамасының басшысы;

Нұрлан Ыбырайым — ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Қаймолдаев — Құжаттамалық, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Асқар Молдағаринов — Кеңсе жетекшісі Хатшылығының меңгерушісі;

Эльдар Серікұлы Томашов — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің хатшылығының меңгерушісінің көмекшісі.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков, Назарбаев кабинеті «Назарбаев Орталығында»орналасатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен Ғалымжан Қойшыбаев босатылды.

Хабарламада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Қазақстанның Сыртқы істер вице-министрі қызметінен босатылғаны айтылды.

Сурет: tengrinews.kz

Ещё в ленте

Все новости