Факты истории

24 наурызда Байтерек, туберкулезге қарсы күресті қолдау белгісі ретінде, қызыл түспен жарқырайды

24 наурызда аталып өтілетін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнін қолдау мақсатында Астаналық Бәйтерек монументі қызыл түспен жарықтандырылады, деп хабарлайды Елорда.Инфо.

Астана бұл акцияға алғаш рет қатысады. Соңғы 2 жылда бұл бастамаға Барселона, Рио-де-Жанейро, Карачи және Будапешт қатысты. Тіпті Ниагар сарқырамасы қызыл жарықпен жарықтандырылды.
Бәйтерек 24 наурызда Астана уақыты бойынша 20 сағат 30 минуттан бастап 2 сағат қызыл түспен жарқырап тұрады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана туберкулезден таза қала болу үшін, туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерді төмендетуі тиіс. Акцияның басты ұраны – «Туберкулезбен күресу үшін әлемді жарықтандырыңыз».

Сурет: Турар Казангапов

Ещё в ленте

Все новости