Факты истории

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы төбелес туралы роликтер әлеуметтік желілерде бұғатталады

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің басшысы Ерлан Сағадиевтің оқушыларға қатысты зорлық-зомбылығы бар бейнероликтер бір сағат ішінде әлеуметтік желілерде бұғатталатыны туралы мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Әңгіме әлеуметтік желідегі бейнероликтерді бұғаттау туралы ғана, әлі мессенджерлерде емес, кейіннен онда да бұғаттайтын боламыз», — деді Дәурен Абаев.

«Ғылым және білім министрлігі мен әкімдіктерде, сондай-ақ орталық мемлекеттік органда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың жекелеген жағдайларын жасыруға мүдделі емес. Біз олардың, керісінше, тиісті құқықтық баға алуын қолдаймыз», — деп толықтырды Ақпарат және коммуникация министрі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ерлан Сағадиев балаларға қаталдық көрсеткен бейнероликтер әлеуметтік желілерде өшірілетіндігін айтқан болатын.

Сурет: nur.kz

Ещё в ленте

Все новости