Факты истории

Шымкентте азаматтарды хабардар ету құралдарын тексеру жоспарлануда

Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады.

2019 жылғы 22 қаңтарда, сағат 09:00-де Шымкентте электр сиреналарын қосу арқылы ТЖ туралы хабарлау жүйесі іске қосылады.

Қала тұрғындарын үрейлендірмеу үшін, ТЖД қызметкерлері келесі хабарландыруды БАҚ арқылы таратты:

«Үрейленудің қажеті жоқ! Сіздерден тыныштықты сақтауды сұраймыз. Бұл іс-шара қалалық хабарландыру жүйесінің жарамдылығын тексеру үшін өткізіледі.
Қауіп-қатер немесе төтенше жағдай туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиренасы және басқа дыбыстық құрылғылар іске қосылады.

«Назар аударыңыздар! — бұл сигнал хабарлаудың бірыңғай сигналы болып табылады. Оны естігенде, халық қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы ақпарат алу үшін ақпаратты қабылдаудың барлық қол жетімді құралдарын — телеарналарды, радио мен басқа да барлық қолжетімді құралдарды міндетті түрде қосуы тиіс».

Сулет: otyrar.kz

Ещё в ленте

Все новости