Факты истории

Жаңа жылдың тосын сыйы: билік халықтың аз қамтылған топтарына арналған салықтың бірін төмендетті

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы он есеге азайды. Салық ауыртпалығының төмендеуі елдің барлық тұрғындарына емес, тек 25 АЕК-тен, яғни 63 125 теңгеден төмен табыс табатындарға қатысты болады.

Егер қызметкердің табысы 25 АЕК-тен кем болса, онда бұл соманың 90% табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар егер қызметкер екі және одан да көп жұмыстарда істеп, табысы 25 АЕК-тен кем болса, онда қызметкердің табысының 90% салық салынатын мөлшерін жұмыс беруші айқындайды.

Осылайша ең төмен еңбекақы төленетін қызметкерлердің табысы салық жеңілдіктері есебінен өседі., Қазақстанның Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, ел азаматтарының 70% -ы айына 70 мың теңгеден кем жалақы алатынын айта кету керек.

Сулет: pkzsk.info

Ещё в ленте

Все новости