Факты истории

Қазақстандық альпинист халықаралық экспедицияның басшылық құрамына кірді

Халықаралық топ құрамындағы қазақстандық альпинистер ғаламшарда биіктігі бойынша екінші орындағы — К2 тауының шыңына шығады. Қазақстандық команданы Василий Пивцов басқарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Таудың басқа атауы — Чогори. Ол Кашмир мен Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының шекарасында, Қарақорум тау жүйесінде орналасқан.

Эверестке қарағанда, К2-ге әлі ешкім қыс маусымында шыға алмады.

60 күндік жорыққа жеті спортшы қатысады,олардың үшеуі Ресей, үшеуі Қазақстан және біреуі Қырғызстаннан.

Таудың шыңына көтерілу 1 қаңтарда басталады.

Сурет: wikimedia.org

Ещё в ленте

Все новости