Факты истории

Қазақстанның санитарлық дәрігерлері денсаулыққа қауіпті өнімдерді атады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (ҚДСК) тексеру жүргізілгеннен кейін,негізінен, шетелдік өндірістің азық-түліктері тұтынуға қауіпті екенін анықталғанын хабарлады. Шұжық, шұжықшалар мен етте сальмонелла және ішек таяқшасы табылды.


Денсаулық үшін қауіпті азық-түлік жеткізген кәсіпорындар:

— «Дружба» құс фабрикасы» ААҚ (Беларусь Республикасы) бройлер-балапандар ұшасының сынамаларында сальмонелла тектес бактериялар (Salmonella enteritidis), ішек таяқшасы тобының бактериялары (Қостанай облысының сауда объектілерінде);

— «Омский бекон» АҚ (Ресей Федерациясы) шығарған Измайловская», «Оригинальная» шұжықтарында, «Молочные» шұжықшаларында, «Сибирские колбасы » ЖШҚ (Российская Федерация) шығарған «Ветчина столичная Вязанка» ет өнімінде, «Особая» колбасында «Восходящая звезда» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) шығарған натрий нитриті (Солтүстік Қазақстан облысының сауда объектілерінде);

— «Нагайбақ құс шаруашылығы кешені» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) өндіруші балапан-бройлер етінен жасалған сорпа жиынтығында сальмонелла тектес бактериялар (Salmonella infantilis) анықталды және мемлекеттік тілде таңбаланған жоқ (Қостанай облысының сауда объектілерінде);

-Ақмола облысының сауда объектілерінде «Бройлерлік өндіріс» «Магнитогор құс шаруашылығы кешені» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) шығарған балапандар-бройлер етінен жасалған рагудың сынамаларында, Жамбыл облысындағы сауда объектілерінде «Құскомбинаты» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) шығарған балапандар-бройлер «Благояр» сынамасында жалпы микробтық тұқымдылығының көрсеткіші бойынша сәйкессіздіктер анықталды.»

Санитарлық дәрігерлер Қазақстан тұрғындарын сапасыз азық-түліктен улану мүмкіндігі туралы ескерту үшін тізімді республикалық және жергілікті БАҚ-қа таратуға өтініш білдірді.

Сондай-ақ, қазір жоғарыда аталған қауіпті өнімдерді саудадан алып тастау бойынша шаралар қабылдануда.

ҚДСК қазақстандықтарды бұл стандарттарға сәйкес келмейтін өнімдер дүкен сөрелерінде анықталған жағдайда 8 /7172/ 74-27-04 телефон арқылы хабарлауды немесе бұл факт туралы сайтына жазуды сұрайды.

Сулет: bnews.kz

 

Ещё в ленте

Все новости